USD: 486.9 / 489.9
  • EUR: 561.5 / 566.5
  • RUB: 6.43 / 6.55
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ақтауда жол қозғалысын реттеген курьер 40 мың теңге айыппұл арқалады

Видео скрині
Видео скрині
Тұрғынның бұл әрекеті желіге таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Ақтауда жол қозғалысын реттеген курьер 40 мың теңге айыппұл арқалап тынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Тәртіп сақшылары оның жол ережесін бұзғанын анықтап, әкімшілік жаза қолданған. Бағдаршам істемей қалған сәтте қолына сары шар ұстаған жігіт көшенің ортасына шығып, көліктерге бағыт көрсеткен. 

Тұрғынның бұл әрекеті желіге таралып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Видеодан жігіттің тамақ жеткізу қызметіне арналған сөмке асынғанын да байқауға болады. 

Полицейлер бейнебақылау камерасындағы жазбаларды саралап, ер адамның жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткенін көріпті. Бұл әрекетімен ол өз өміріне де, жолдағы жүргізушілерге де қауіп төндірген деп отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз