Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады

21 маусымда Германия Президенті бастаған делегация Маңғыстау облысына барады.

Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыртуымен келген Германия Федеративтік Республикасының президенті Франк-Вальтер Штайнмайер бастаған неміс делегациясымен кездесу өтті. 

"Келіссөз үстелінде Yessenov University (YU) президенті Берік Ахметов пен Қазақстан-Неміс университетінің (DKU) президенті Роммель Волрад Ақтау қаласындағы Yessenov University базасында қазақ-неміс тұрақты инженерия институтын құру туралы келісімге қол қойды" – делінген хабарламада.

21 маусымда Германия президенті бастаған делегация Маңғыстау облысына барады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз