Ақтауда алимент төлемеген азамат бас бостандығынан айырылды

Азаматтың берешегі 3 миллион теңгеден асқан.

Ақтау қаласында "А" есімді азаматтың алимент бойынша 3 млн теңге берешегі бар екені анықталып, қылмыстық кодекстің 139-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп-тексеру жүрді. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

"Сот үкімімен "А" есімді азамат 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады", – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Ұлына 1,5 млн теңге қарыз: алименттен жалтарған әкеге қатысты тергеу жүргізілді


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау