Ақтауда адамдардың үстіне аялдама құлады. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан бейнелер тарады.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір адам ауруханаға жатқызылды.
Оқиға 2024 жылғы 5 қарашада болды.
"Бұл 1-шағын аудандағы "Дружба" МҮ жанындағы жаңа автобус аялдамасының құлауынан болған салдар. Құбырларды жөндеуге байланысты нысан әлі орнатылмаған. Аялдама ұшып, адамдардың үстіне құлады. Абырой болғанда, көбі қашып үлгерді", – делінген бейненің жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға түсініктеме берді. Полиция оқиға ауа райының қолайсыздығынан орын алғандығын хабарлады.
"Нәтижесінде бір адам зардап шекті. Қазіргі уақытта облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр", – делінген хабарламада.