АҚШ–тың Оклахома штаты, Полс-Вэлли қаласындағы орта мектепте қарулы шабуылдың алдын алу оқиғасы тіркелді. Мектеп директоры Кирк Мур қарулы адамды залалсыздандырып, ықтимал қантөгісті тоқтатты. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, оқиға 7 сәуір күні болған.
Алайда шабуыл сәтінің видеосы бір аптадан кейін ғана жарияланған. Тергеу деректеріне сәйкес, қаруды 20 жастағы Виктор Ли Хокинс алып кірген. Ол бұған дейін осы мектепте оқыған.
Оған заңсыз қару алып жүру, кісі өлтіруге оқталу және қарумен қорқыту баптары бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда, оның кепіл сомасы 1 миллион доллар болып белгіленген.
Бейнежазбада күдіктінің мектеп ғимаратына кіріп, холлда тұрған екі оқушыға оқ атқаны көрінеді. Осы сәтте директор Кирк Мур оған тап беріп, жерге құлатып, қаруын тартып алған. Кейін мектеп қызметкері де көмектесіп, қаруды алып кеткен. Директор күдіктіні полиция келгенше ұстап тұрған.
Тергеу мәліметінше, күдікті тергеу кезінде бұл әрекетін "Колумбайн" қырғыны оқиғасына ұқсатып, жаппай қырғын жасауды жоспарлағанын айтқан.
Шабуыл кезінде директор аяғынан жарақат алғанымен, кейін әлеуметтік желіде тезірек жұмысқа оралғысы келетінін жазған.
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17