Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға жасалып жатқан бомбалау және әскери шабуылдарын екі апта мерзімге тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Al Jazeera арнасы.
Трамптың айтуынша, бұл шешім Шахбаз Шариф және Асим Мунирмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде қабылданған. Келісімнің негізгі шарты – Ормуз бұғазының толық әрі қауіпсіз ашылуы.
Трамп әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде АҚШ-тың әскери мақсаттарына жетіп қана қоймай, оны асыра орындағанын атап өтті. Оның сөзінше, қазіргі таңда АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімнің 10 тармақтан тұратын ұсынысы талқыланып жатыр.
"Екі апталық үзіліс ұзақ мерзімді бейбітшілік туралы түпкілікті келісім жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен және фельдмаршал Асим Мунирмен болған келіссөздердің қорытындысы бойынша мен Иранға жасалатын бомбалау мен шабуылдарды екі аптаға тоқтатуға келісемін. Бұл екіжақты атысты тоқтату болады", – деді ол.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы келісімді қолдады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды", – делінген хабарламада.
Бұл келісім АҚШ президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.
Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді.
Оқи отырыңыз: АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс Қазақстан үшін экономикалық тәуекелдерді қалай өзгертеді
USD:
463.1 / 465.9
EUR:
543.0 / 548.0
RUB:
6.05 / 6.17