Science журналында жарық көрген жаңа зерттеуде Айдың қалыптасуына қатысты жаңа болжам жарық көрді.
Макс Планк атындағы Күн жүйесін зерттеу институты мен Чикаго университетінің зерттеушілері Жер мен Айдан алынған үлгілердегі темір изотоптары қатынасын терең зерттей келе, олардың өте ұқсас екенін анықтаған. Темірден бөлек, хром, молибден және цирконий секілді бірнеше элементті талдау жұмыстары да нақты нәтижелер берген.
Зерттеушілердің жаңа болжамынша, шамамен 4,5 миллиард жыл бұрын Теия атты протопланета жас Жерге соқтығысып, оның көлемі мен құрылымын, сондай-ақ орбитасын да өзгерткен. Оған қоса, кейін Айға айналған затты ғарышқа лақтырған.
"Жер мен Ай элементтерін Күн жүйесінің әр аймағынан шыққан материал саналатын метеориттердің құрамымен салыстыру Теияның "құрылыс блоктары" Жер қалыптасқан аймаққа қарағанда Күнге жақынырақ аймақта пайда болғанын көрсетті. Есептеулер, Теия Жер орбитасының ішкі жағында қалыптасқанын, ал екі аспан денесі өзара соқтығысқанға дейін көрші орналасқанын көрсетті", – делінген ғалымдардың мақаласында.
USD:
517.9 / 520.9
EUR:
605.5 / 610.5
RUB:
6.45 / 6.57

