АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалық елшіліктер мен консулдықтарда виза алу үшін сұхбатқа жазылуды бүкіл әлем бойынша уақытша тоқтатты. Бұл шараның қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. АҚШ Мемлекеттік департаменті америкалық дипломатиялық өкілдіктерде визаға қатысты сұхбаттарды өткізу кестесін уақытша өзгертті. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, шешім консулдық қызметкерлерді арнайы оқытумен байланысты. Осы кезеңде елшіліктер мен консулдықтар өтініш берушілерді қабылдау кестесін қайта қарайды. Оқу бағдарламасының қанша уақытқа созылатыны әзірге айтылған жоқ. Оқыту барысында консулдық қызметкерлер өтініш берушінің АҚШ-та өз күнін өзі қамтамасыз ете алатынын немесе мемлекеттік көмекке мұқтаж болуы мүмкін екенін бағалауға үйретіледі.
Сонымен қатар Мемлекеттік департамент барлық дипломатиялық өкілдіктерде виза өтініштерін бірдей талаптар бойынша, мұқият және өтініш берушінің жеке жағдайларын ескере отырып қарауды көздеп отыр.
Financial Times мәліметінше, иммиграциялық виза бойынша сұхбаттары алдын ала белгіленген кейбір өтініш берушілерге кездесудің басқа күнге ауыстырылғаны туралы хаттар келе бастаған. Оларға жаңа күн кейін хабарланатыны айтылған.
Алайда АҚШ Мемлекеттік департаменті бұл үзіліс туристік, студенттік және басқа да иммиграциялық емес визалар бойынша сұхбатқа жазылуға да қатысты ма, жоқ па – нақтыламады. Ведомствоның хабарламасында визаларды берудің өзі тоқтатылатыны туралы айтылмаған.
Бұған дейін АҚШ соты 75 елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарына иммиграциялық виза беруге енгізілген шектеуді жойған болатын. Судья Мемлекеттік хатшы Марко Рубионың мұндай шешім қабылдау кезінде өз өкілеттігін асыра пайдаланған деген қорытындыға келген.
АҚШ-қа жол: "Грин картаны" қалай ұтып алуға болады?
АҚШ-қа грин картамен 9 жыл бұрын көшкен қазақ үш пәтер алып үлгерген