Тікелей эфир

Ақорда президенттің Наурыз атты тазысын көрсетті

Мемлекет басшысының үш асыл тұқымды тазысы бар

Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.

Наурыз атты тазы / Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.


Оқи отырыңыз: "Таза қандылары қалмады". Сұлтан Ибрагимов төбетті көбейту жұмыстарының қалай жүріп жатқанын айтты


Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.

Серіктестер жаңалықтары