Өткен демалыс күндері патрульдік полиция батальоны мен ротасының нарядтары күшейтілген режимде жұмыс істеді: температураның төмендеуі және ылғалды қар түріндегі жауын-шашын жолдардағы жағдайды едәуір қиындатты. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Ауа-райына байланысты Көкшетау-Атбасар, Көкшетау-Рузаевка, Петропавл-Астана автожолдарында шектеу қойылды. Демалыс күндері өңірде 30-ға жуық жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан машиналарға механикалық зақым келді.
Оқи отырыңыз: Шымбұлақ шаңғы курортында қар жауды.
Полиция автокөлік иелерін көлікті қысқы кезеңге дайындауға шақырады. Өзара сыйластық пен тәртіп – жолдағы қауіпсіздіктің кепілі және апатты азайту мәселесіндегі шешуші факторлардың бірі.