Тікелей эфир

Ақмола облысында жыл сайын 30-ға жуық адам суға кетеді. Қандай шаралар қолданылып жатыр?

Биыл облыста 621 бала жүзу техникаларын үйренген.

Жыл сайын Ақмола облысында 30-ға жуық адам суға батты. Әсіресе шомылу маусымы кезінде суға батып кететіндер көп. Мысалы, соңғы үш жыл ішінде суда болған жазатайым оқиғалардың себебінен 51 адам қазақ тапты, оның он тоғызы – балалар, деп мәлімдеді Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Жанат Асылбеков. Осы орайда ол облыстағы аса қауіпті төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қандай шаралар жасалып жатқанын баяндады. 

16 маусым күні тиісті ережелерді сақтамаған 7 адам суға батып кетті

"Облыс тұрғындарын суға батып кетуден қорғау – алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі. Себебі шомылу маусымы басталғалы бері елімізде 27 адам көз жұмды. Оның ішінде он жетісі бала еді. Жуырда 16 маусым күні тиісті ережелерді сақтамаған жеті адамның суға батып кеткені туралы қаралы хабар тарады. Осы жеті адамның алтауы – кәмелетке толмаған балалар. Ал Ақмола облысы бойынша, шомылу маусымы басталғалы бері екі адамнан көз жазып қалдық. Оның да біреуі – 2007 жылы дүниеге келген жасөспірім. Сумен байланысты жазатайым оқиғалардың басты бірнеше себебі бар, олар – шектен тыс ішімдік ішу, баланы қараусыз қалдыру, су айдынында өз күшін асыра бағалау және жүзу техникаларын меңгермеу. Осындай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін Ақмола облысында арнайы жүзуге арналған 82 орын жасақталды. Олардың 68-і жеке және 14-і коммуналдық жағажай. Бұдан бөлек дәл қазір жиырма бес стационарлық бассейн жұмыс істеп тұр. Осының арқасында жыл басынан бері 621 бала жүзу дағдыларын меңгерді", – деп түсіндірді басқарма өкілі Жанат Асылбеков. 


Оқи отырыңыз: "Қазақстанда жер сілкінісіне қатысты нұсқаулықты жаңартқан жөн". Түркиядағы зілзала куәгерінің әңгімесі


Ары қарай Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Бурабай, Зеренді, Қопа көлі, Щучье су айдындары аса ірі болғандықтан, арнайы құтқару бөлімшелерінің базасында балаларға арналған жағажай ұйымдастырылғанын айтты. 

"Департаментіміз суда демалуға арналған ресми орындарды ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін пысықтап жатыр. Мұнымен қатар, осы салаға бизнес өкілдерін де тарту маңызды болып отыр. Біздің департамент ПД және өңірлердің ЖАО-сымен бірге қайғылы оқиғаларды алдын алу мақсатында бес мыңнан астам рейд жүргізді. Аталған тексеріс барысында 116 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды: осының ішінде 102 адам ішімдік ішіп, қоғамдық орында мас күйінде жүрген, ал қалған он төрт адам суға шомылу қауіпсіздік ережелерін бұзған. Бұдан өзге біз осы мақсатта әлеуметтік желіні және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді пайдалануға тырыстық. Нәтижесінде радио арқылы суға батудан сақтану туралы 3478 хабар тараттық. Теледидар арқылы он алты рет, сөз сөйлеп, он брифинг өткіздік. Жиырма бір мыңнан астам үгіт өнімін тараттық, әлеуметтік желіде 169 бейнеролик, сайттарда 156 мақала жарияладық, 375 тақтайша орнаттық. Тиісті жерлерге "Шомылуға болмайды" деген жазуы бар 486 тақтайша орнаттық. Мектептерде осы тақырып аясында ата-аналарға арнап бес жүзден астам жиын мен бір мыңнан астам интерактивті сабақ өткіздік. Суда адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың 1,5 мыңнан астам еріктілері тартылды. Олар – "Эко парк", "Жас Отан", "Қызыл крес" азаматтық қорғау колледжі, "Феникс" және "Жаңа толқын" жастар қанаты", – деді Ақмола облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы. 

Жанат Асылбековтің айтуынша, облыс акваторияларында азаматтардың демалысы үшін қауіпсіз инфрақұрылым мен жағдай жасау жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда. Сондай-ақ ол суда батып кетуден қорғану ережелерін еске салды:

  • егер суға шомылатын жерге балаларды алып барған болсаңыз, оларды бір минутқа да қараусыз қалдырмаңыз;
  • "шомылуға болмайды" деген тақтайша ілініп тұрса, құлақ асыңыз;
  • балық аулауға қайықпен барсаңыз, міндетті түрде батып кетуден қорғайтын кеудеше киіңіз;
  • биіктен суға секірмеңіз, мейлі қайық, мейлі айлақ болсын;
  • бұрын-соңды ешкім шомылмаған жерге де суға түспеңіз;
  • түнгі уақытта суға түспеген абзал;
  • суға түсер алдында ішімдік ішуге, есірткі заттарын тұтынуға мүлдем болмайды. 

Биыл Ақмола облысында өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған 17 адам айыппұл арқалады 

Ақмола облысы ТЖД МӨББ басшысы Думан Дәлешов облыста алапат өрттің алдын алу үшін қандай шаралар жүргізіл жатқанын әңгімеледі. ТЖД өкілінің айтуынша, облыста арнайы құрылған топтар мыңға жуық тексеріс жүргізген. Аталған шараның нәтижесінде елу адам өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Ішінде отыз үші ереже бұзғаны үшін ескерту алса, қалған он жетісі айыппұл арқалаған. Айыппұлдың жалпы сомасы – 1 181 440 теңгені құрайды. 


Оқи отырыңыз: Ұшақтың апаттық есігін ашқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды


"Қалалар мен аудандардың өрт болу қаупі жоғары кезеңге дайын еместігі туралы тиісті әкімдіктерге 280 ескерту берілді. Бұдан бөлек біз үшін орманды жерлерді өрттен қорғау маңызды. 30 535 адамға арналған 14 052 нұсқама, ауыл шаруашылығы өндірушілерімен, ШҚ және тұрғындармен 299 жиын (5122 адам) ұйымдастырылды және 105 дөңгелек үстел (1290 адам) өтті", – деді Думан Дәлешов.

  • теледидарда – 7 рет;
  • басылым беттерінде – 125 мақала;
  • интернет құралдарында – 761 жарияланым және т.б. 

Өрт қауіпсіздігін сақтауға имамдар да көмектесіп жатыр

Ақмола облысы ТЖД МӨББ басшысының орынбасары Манат Бегалин әртүрлі сипаттағы өртті жою үшін 160 дана техниканың дайын тұрғанын айтты. Бұдан бөлек қырық төрт өрт сөндіру бекеті мен 1022 адамнан құралған 210 құрылым бар. 

"Бурабай, Ақкөл, Зеренді аудандарын әуеден бақылау үшін "Қазавиалесорғау" АҚ-ның үш компаниясы орналастырылды. Аталған компания облыстағы жеті аудан аумағында орналасқан ормандарды бақылауға көмектеседі. Бұдан бөлек төрт жүз адамнан құралған жүз төрт арнайы топ жер үстінде бақылау жүргізеді. Олар қала сыртында орналасқан демалыс орындарында да өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға көмектеседі", – деді Манат Бегалин.

Мұнымен қатар, департамент өкілі "Жұма намазы" уақытында имамдардың да құтқарушыларға қол ұшын созып, қалың көпшілікке суда жүзу ережелерін сақтауды еске салатынын айтты. 

"Жаз маусымы басталған кезде көптеген отандастарымыз көл жағасында демалыс ұйымдастырады. Жыл сайын осындай демалыс кезінде бірнеше баланың суға кетіп көз жұмғаны туралы естиміз. Баланың суға кеткенінен бөлек, терезеден құлап кететіні бар. Осы орайда төтенше жағдайлар департаменті бізден көмек сұрап, мешітке келген жамағатқа суға шомылу ережелерінен хабардар етуді сұрады. Алла Тағала сақтанған адамды сақтайды. Бала бізге Алланың берген аманаты. Сол себепті жазғы демалыс орындарына барған кезде балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер. Өзімізге берілген аманатқа жауапкершілікпен қарайық", – деді Науан хазрет мешітінің имамы. 


Оқи отырыңыз: Отшашу өртке ұласпас үшін қандай қауіпсіздік талаптарын білу керек?


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары