"Ақ Жолдан" Құрылтайға баратын сегіз депутаттың есімі белгілі болды

Фото: "Ақ Жол" партиясы
Фото: "Ақ Жол" партиясы
Партия сайлаушылардың 5,21 пайыз дауысын жинады.

"Ақ Жол" демократиялық партиясы Құрылтайдағы сегіз депутаттық мандатты партиялық тізімдегі кандидаттар арасында бөлді. Олардың есімдерін партияның баспасөз қызметі жариялады.

"Ақ Жол" Қазақстанның Демократиялық партиясы Саяси кеңесінің Президиумы сайлау қорытындысы бойынша партияға тиесілі сегіз депутаттық мандатты партиялық тізімге енген кандидаттар арасында бөлді.

Құрылтайға "Ақ Жол" партиясы атынан баратын депутаттар:

  • Дәурен Ахметжаев
  • Бақтыбек Бибаев
  • Дания Еспаева
  • Асылхан Қожахметов
  • Юрий Ли
  • Олжас Нұралдинов
  • Мейраш Шынасылова
  • Ермекқали Юсупов

Партияның хабарлауынша, депутаттардың кандидатуралары сайлау нәтижесінде алынған мандаттарға сәйкес бекітілді.

Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтті. Алдын ала қорытынды бойынша "Ақ Жол" партиясы сайлаушылардың 5,21% дауысын жинап, 5 пайыздық межеден өтті.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау