USDUSD: 498.9 / 501.9
  • EUREUR: 542.5 / 548.5
  • RUBRUB: 5.69 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +12C
Все города

Ақ кимешек пен ақ орамал керуені: Ақтөбеде әжелер мен келіндер көшелермен жүріп өтті

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Олар ұлттық құндылықтарды дәріптеді.

Ақтөбе өңірінде жалпыұлттық Наурызнаманың онкүндігі аясында бірқатар шара ұйымдастырылуда. Облыс орталығында 14 наурыз – Көрісу күніне орай, "Амал келді – жыл келді" атты мерекелік бағдарлама өтті, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Шараның ерекшелігі – ақ кимешек киген 100 әже және ақ орамалды 100 келін Ақтөбе көшелерімен жүріп өтіп, тұрғындарды таңғалдырды. 

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Мерекелік бағдарлама қазақ мәдениетінде айырықша орын алатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан маңызды дәстүр "Бастаңғы" көрінісімен басталды. Әрі қарай көш керуенімен ұласты.  Тарихымыз бен мәдениетіміз сән-салтанат құрған көш-керуенді "Қазақ аналары – дәстүрге жол" қоғамдық бірлестігі, Ақтөбе облыстық филиалының аналары, Алматы ауданының аналар кеңесі, аналар алқасы, Алматы аудандық ақсақалдар алқасы бастады. 

Ақ жаулықты әжелер алаңда жиналған жұртпен амандасып, Көрісу дәстүрін көрсетті, келіндер үлкендерге сәлем етті. 

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ұлттық құндылықтарымыз дәріптелген шара соңында ақтөбеліктер жайылған дастарқаннан және Наурыз көжеден дәм татты. Одан бөлек, ұлттық ойындар мен спорттық жарыстарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары