Qazaq Air (Vietjet Qazaqstan) жаңа халықаралық бағыттардың іске қосылатыны туралы хабарлады.
- Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 7 қарашадан бастап Астана–Самарқан–Астана бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет — жұма және жексенбі күндері орындалады.
- Ал 10 қарашадан бастап Астана–Бішкек–Астана рейсі де аптасына екі рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері ұшады.
"Орталық Азиядағы бағыттарын кеңейту бастамасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың түркі елдері арасындағы байланыстарды дамыту арқылы туризмді, сауданы, білім беру мен мәдени ынтымақтастықты күшейту жөніндегі стратегиялық бағытымен үндес келеді", – делінген Qazaq Air хабарламасында.
Әуе компаниясы Астанадағы хаб арқылы жолаушыларға Бішкекке, Самарқанға, Омбы мен Новосібірге, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлеріне ыңғайлы рейстер ұсынатынын атап өтті.
USD:
481.9 / 484.9
EUR:
556.5 / 561.5
RUB:
5.77 / 5.91
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…