Аптап ыстық, жел: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сейсенбі күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе және Павлодар облыстарында да жоғары өрт қаупі сақталады.

Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман, жел болады.

Атырау қаласы мен Атырау облысында найзағай соғады, дегенмен төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Тараз, Жезқазған қалаларында, сонымен қатар Қызылорда, Ұлытау, Жамбыл және Қарағанды облыстарында найзағай, қатты жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз