Аптап ыстық, жаңбыр, жел: 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Синоптиктер болжамы жарияланды.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның көптеген өңірінде найзағай мен қатты ыстық болады деп болжап отыр.

Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел және өрттің жоғары қаупі күтіледі.

Алматы және Жетісу облыстарында найзағай, жел, 37 градусқа дейін аптап ыстық және өрттің жоғары қаупі болжанып отыр.

Қонаевта, Түркістанда және Түркістан облысында 15-20 м/с дейін жететін екпінді жел, 40 градусқа дейінгі аптап ыстық және төтенше өрт қаупі күтіледі.

Семей, Өскемен, Ақмола және Абай облыстарында найзағай, бұршақ және 15-20 м/с дейін жететін жел болжанады.

Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында өрттің жоғары қаупі сақталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз