Аптап ыстық, жаңбыр, жел: 10 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
"Қазгидромет" РМК ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның бірнеше өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жауып, бұршақ жаууы мүмкін. Күшті жел мен аптап ыстық та күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Талдықорғанда найзағай мен қатты жел күтіледі.

Жезқазған мен Өскеменде желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Алматы мен Қонаевта нөсер жаңбыр, найзағай, жел және төтенше өрт қаупі болжанып отыр.

Көкшетау мен Ақмола облысында тұман, найзағай, бұршақ және желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Атырау, Ақтөбе және Атырау облыстарында қатты жел, 39 градусқа дейін аптап ыстық және өрт қаупінің жоғары деңгейі болжанып отыр.

Шымкент, Түркістан қалаларында және Түркістан облысында найзағай, қатты жел мен төтенше өрт қаупі күтіледі.

Семей, сонымен қатар Алматы, Ұлытау, Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, күшті жел және жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары