Климаттың өзгеруі бойынша The Lancet Countdown жариялаған есеп әлем қауіпсіздігіне қатысты деректерді қамтыды және бұл көрсеткіштер қуантарлық емес. Есепке сенсек, жаһандық климаттың өзгеруінен адам денсаулығына төнетін қауіптер ең рекордты мәндерге болған.
Есепте климаттың адам денсаулығына теріс ықпалы бойынша 15 индикатор айқындалған болса, солардың 10-ы бойынша қауіп шектен тыс күшейген.
"2023 жыл бақылаулар тарихындағы ең ыстық жыл болды. Ұдайы құрғақшылықтар болып, аптап ыстық адамдардың өліміне әкелді, орман өрттері көбейді, дауылдар мен сел тасқындары болды. Мұның бәрі адамдардың денсаулығы мен өміріне кері әсерін тигізеді. Өткен жылы адам денсаулығына қолайсыз температура әдеттегіден 50 күнге артық созылды және құрғақшылық әлемдегі құрлықтардың 48 пайызын қамтыды", – делінген есепте.
- Климат өзгерісімен күресте неге жеңіске жету мүмкін емес? Нобель лауреатымен әңгіме
- БҰҰ болжамы: Алдағы онжылдықтың басында әлемде жылына 560-қа жуық табиғат апаты болады
Соңғы он жылда құрлықтардағы шамадан тыс жауын-шашын үлесі 1961-1990 жылдардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 61 пайызға ұлғайған. Бұл су тасқындары мен судың ластануы, инфекциялық аурулардың таралуы қаупін тудырады.
Сондай-ақ, ғалымдар әлемде 65 жастан асқан адамдар арасындағы ыстықтан болатын өлім-жітім 1990 жылдармен салыстырғанда 167 пайызға өскенін айтып отыр.
Еске салайық, бұл есепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы БҰҰ ғылыми мекемелері мен агенттіктерінің көмегіне сүйене отырып әзірлейді.