Aport Mall West сауда орталығы қалай жаңартылды

Aport Mall West сауда орталығы қалай жаңартылды
Жөндеу жұмыстары қыркүйекте толық аяқталады деп күтіледі. 

Орталық Азиядағы ең ірі Aport mall West сауда және ойын-сауық орталығы қала тұрғындары мен қонақтарына 16 жыл бойы қызмет етіп келеді. Осы уақыт ішінде cауда орталығына 180 миллионнан астам қонақ келді. Мұнда 250-ден астам жалға алушылар жұмыс істейді. Бес мыңнан астам жұмыс орны құрылды. 

Aport mall West жалпы аумағы 210 мың шаршы метрден асады. Ай сайын орталыққа бір миллионнан астам адам келеді. Мұнда жүзден астам әлемдік брендтер шоғырланған. 

Ендігі кезекте компания Aport West сауда орталығының қасбеті мен интерьерін жаңартып, экологиялық таза салқындату жүйесін енгізіп жатыр.  

"Біз Алматы агломерациясындағы ең ірі салық төлеуші ​​ғана емес, ең ірі жұмыс берушіміз. Мұнда 5 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Аквапарктің жазғы аймағы реконструкциядан соң Miami Sunrise деген жаңа атаумен ашылады. Қонақтар заманауи бассейндерді, соның ішінде термалды бассейнді, су аттракциондарын, splash-аймағын, баскетбол алаңын және жаңартылған ас үй қызметін пайдалана алады. Апорт қаланың визит картасына айналды. Қазір келушілерге көмектесу үшін қабылдау бөлімдерінде гидтер жұмыс істейді. Аквапаркке әсіресе жазғы маусымда туристер көбірек келеді", –деді баспасөз мәслихатында Aport сауда орталықтарының басқарушы директоры Тимур Мұхамеджанов.

Aport Mall West-тің қасбеттері мен интерьеріне әсер ететін жаңартылған сәулеттік келбеті концепциясын француз компаниясы әзірлеген, бірақ сыртқы өзгерістерден басқа, жөндеу бүкіл сауда орталығы кешенінің инженерлік коммуникацияларына да әсер еткен.

Орталықта жыл бойы жұмыс істейтін Hawaii Miami Aquapark & SPA орналасқан. Бұл кешен бірегей су аттракциондарымен, 14 түрлі толқыны бар ең ірі жасанды теңізімен, әртүрлі тақырыптағы бар және мейрамханасымен, кең ауқымды SPA-орталығымен және еуропалық стандарттарға сай су тазалау, сүзу жүйесімен ерекшеленеді. Қайта жаңғыртудан кейін жаңа атаумен Miami Sunrise жазғы аймағы қайта есігін ашты. Мұнда заманауи жаңа бассейндер, су аттракциондары, жағажай демалысы, су кешені күтеді. 

Hawaii & Miami және Sanremo Resort & SPA аквапарктерінің басқарушы директоры Айгүл Астаева жаңартылған аквапарк қазақстандықтарға шетелге бармай-ақ жақсы демалуға мүмкіндік беретінін айта кетті.

"Біздің концепциямыз тұрғындарға жайлы жаз сыйлауға, қазақстандық отбасыларға мыңдаған шақырым ұшып, шетелге шықпай-ақ уақытын жақсы өткізуге, демалуға жағдай жасауға бағытталған. Біздің қызметтеріміз балалар демалысына ғана емес, ересектердің де өзін жайлы сезінуін қамтамасыз етеді. Отбасылық демалыс тұжырымдамасы бойынша қауіпсіздік пен жайлы демалыс бірінші орында тұрады. Мұнда жазғы аквапарк, жабық аквапарк, сонымен қатар, бүкіл отбасыңызбен демалуға, емделу қызметтерін алуға болатын үлкен спа-орталық бар", – деді Айгүл Астаева.

Aport mall West аквапаркіне орташа есеппен ай сайын 100 мыңға жуық адам келеді. Жоғары маусымда бұл сан 150 мың келушілерге жетеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін келушілердің үлесі 70 пайызға жуықтайды. Тағы 10 пайызы Моңғолия, Қырғызстан және Ресейден келген шетелдік қонақтарды құрайды.

Балаларға арналған Funky Town және Funky World отбасылық ойын-сауық парктері орналасқан. Аттракциондар мен ойын құрылғыларының барлығы АҚШ пен Еуропа елдерінен жеткізілген. Мұнда балалар ойын ойнап қана қоймай, балалар кафесінде туған күн бөлмелері, сахна бар.

Сауда орталығында байер, яғни жеке сатып алушы қызметі пайда болады.

"Стилистер Aport сауда орталықтарын аралап, киімдерді суретке түсіріп жібереді. Қажет болса өздері киіп көреді. Ұнаса сатып алып, сізге жібереді. Бұл қызмет адамдарға көп ақша жұмсамай-ақ жаңа имидж жасауға мүмкіндік береді. Адамдардың сауда орталықтарда көп уақыт өткізбей қашықтан сауда жасауға тырысатынын түсінеміз. Сондықтан қонақтарымызға ыңғайлы болу үшін Aport сауда орталығында сауда жасауды ыңғайлы ететін бірнеше жаңа қызметтерді іске қосамыз деп шештік", – деді Aport сауда орталықтарының маркетинг директоры Динара Амренова.

25 мамырда West Aport сауда орталығында жаңартылған аквапарктің ресми ашылуы өтеді және сол күні алғашқы 100 келуші тегін кіре алады. Ал Aport mall West сауда орталығындағы жөндеу жұмыстары қыркүйекте толық аяқталады деп күтіледі. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау