Тікелей эфир

Апорт алма сортын Қазақстан патенттеп алды

Қазір апортты халықаралық брендке айналдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Республикалық деңгейде Қазақстан апорт алманы Алматы алмасының  сорты ретінде патенттеді. Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді.

"Апорт алманы қазақстандық, алматылық бренд ретінде тіркедік. Бұл осы жылы 13 қазанда болды. Енді апорт алманы халықаралық брендке айналдыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жеткізуде", – деді Азамат Есқараев.

Сондай-ақ, министрлік қымыз, көже, құрт сынды ұлттық тағамдарға патент алу жұмыстарын жүргізуде.


Оқи отырыңыз: Алматының алмасын қалай ұлттық брендке айналдыруға болады?


 

Серіктестер жаңалықтары