Тікелей эфир

Антикор білім саласындағы 102 қылмыстық істі тергеп жатыр

Алдын ала мәлімет бойынша, шығын көлемі 8 млрд теңгеге жуық.

Антикор білім саласындағы 102 қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали мәлімдеді.

Алты айдың қорытындысы бойынша, алқа отырысында ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кезінде Жемқорлық қаупі картасы қолданылатынын айтты.

"Бұл әдіспен білім беру саласында сыртқы талдаулар жүргізіліп, жемқорлыққа жағдай жасайтын жүйелі проблемалар белгіленген. Соның арқасында саладағы тұтас қылмыстық схемалар ашылды. Алматы, Шымкент және Талдықорған қалаларының, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарының білім беру саласындағы лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр", – делінген Qazaqstan.tv ақпаратында. 

Агенттіктің дерегінше, мектеп директорлары мен есепшілері бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінді.

Қазір ел бойынша білім беру саласында 102 қылмыстық іс тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, шығын көлемі 8 млрд теңгеге жуық.

Жалпы талдау нәтижелеріне сай әртүрлі салада жемқорлық қаупін жою бойынша 1 100-ден астам ұсыныс әзірленді. Олардың 33 пайызын мемлекеттік органдар орындады.

Серіктестер жаңалықтары