USD: 486.7 / 489.3
  • EUR: 553.0 / 558.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Әнші Алмас Кішкенбаев 15 тәулікке қамауға алынды

Фото: Алмас Кішкенбаевтың Instagram парақшасынан
Фото: Алмас Кішкенбаевтың Instagram парақшасынан
Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады, деп хабарлайды Алматы қалалық соты.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған.

Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе бес күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады.

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз