Анатолий Кашпировский қайтыс болды

Анатолий Кашпировский
Анатолий Кашпировский
Ол 1980 жылдары теледидар арқылы емдеу шараларын жүргізгеннен кейін кеңінен танылған болатын.

Кеңес және ресейлік психотерапевт, тележүргізуші Анатолий Кашпировский 87 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның директоры Сергей Рудых хабарлады. 

Анатолий Кашпировский 3 қазанда таңғы 06:45 шамасында ауруханада көз жұмған. Кей дереккөздер оның өлімінің алдын ала себебі жүректің тоқтауы болғанын хабарлады.

Анатолий Кашпировский 1939 жылы 11 тамызда дүниеге келген. Ол Винница медициналық институтын тәмамдап, кейін психиатрия саласында шамамен 25 жыл жұмыс істеген.

Ол 1980 жылдардың соңында кеңінен танылды. 1989 жылы Кашпировскийдің "сауықтыру сеанстары" Орталық кеңестік телеарнада көрсетіле бастады. Телебағдарламаларда ол көпшілікке арналған гипноз және психотерапиялық сеанстар өткізді.

1993 жылы Кашпировский ЛДПР атынан Ресей Мемлекеттік думасының алғашқы шақырылымына депутат болып сайланды.

Кейінгі жылдары ол қоғамдық қызметін жалғастырып, интернетте, соның ішінде YouTube арнасында "сауықтыру сеанстарын" жариялап отырды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау