USD: 474.9 / 477.9
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.85 / 5.97
Тікелей эфир
Алматы +16C
Все города

Америкалық GRU Space Айда қонақүй салуды жоспарлап отыр. Бөлмені қазірден бастап брондауға болады

Фото: GRU Space
Фото: GRU Space
Жоба авторлары қонақүй алғашқы қонақтарын 2032 жылы қабылдайтынын айтады. Депозит – 1 миллион доллар.

2025 жылы құрылған америкалық GRU Space стартабы Айда қонақүйді салуды жоспарлап отыр. Ол 2032 жылы ашылуы тиіс болса, компания ғарыш туризмін ұнататын әлемнің ауқатты адамдарын жобаға қонақүй бөлмелерін қазірден бастап брондауға шақырды. Ол үшін адамдар 1 миллион доллар көлемінде депозит құюы шарт. 

Компания өкілдерінің айтуынша, құрылыс жұмыстары 2029 жылы басталмақ және құрылысқа қажетті материалдар Жерден тасымалданбайды. Оның орнына компания роботтандырылған жүйелердің көмегімен Айдағы материалдардан құрылыс блоктарын, яғни кірпіштерін жасамақ. 

Жоба басшысы Скайлер Чанның сөзінше, компания ұзақмерзімді перспективада Айдағы АҚШ базасы ғана емес, жол, қойма секілді инфрақұрылым салуға қатысуды да жоспарлап отыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау