Америкаға саяхаттап барып, далада қалған студенттер министрліктен көмек сұрайды

Фото: REUTERS/CHRISTOPHER ALUKA BERRY,
Фото: REUTERS/CHRISTOPHER ALUKA BERRY,
Туроператор жауапкершілікті мойындады.

АҚШ-та Work and Travel бағдарламасымен үш ай жұмыс істеген 200-ге жуық қазақстандық студент елге қайтар жолда қиындыққа тап болды. Жастар 1100 доллардан төлеп сатып алған саяхатын толық пайдалана алмай, қосымша шығынға батқандарын айтып, көмек сұрады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Студенттер Сан-Франциско мен Лос-Анджелес қалаларын аралауды жоспарлаған. Бір апталық турдың құнына қонақүй, трансфер және экскурсиялар кірген. Алайда Сан-Францискодан Лос-Анджелеске жеткізуге тиіс автобус кері қайтып, тур мерзімінен бұрын тоқтаған.

Жастардың айтуынша, туроператор қонақүйлердің ақысын да толық төлемеген. Соның салдарынан кейбір студенттер қонақүйде орын жетпей, алты адамнан екі орындық бөлмелерде орналасқан. Тіпті кейбірі далада түнеуге мәжбүр болған.

Қарағандылық студент Ақеркенің айтуынша, топ Сан-Франциско мен Лос-Анджелесті толық аралап үлгермеген. Сонымен қатар студенттердің бірінің әуежайда құжатын жоғалтып алғанын айтты. Алматылық студент Ернұр Әбсеновтің сөзінше, кейбір жастардың картасында небәрі 100 доллар қалған.

"Турды мерзімінен бұрын тоқтатты. Сол кезде көп адамның жоспары бұзылды. Ал тур екі күнге қысқарған соң қалған шығынды өз қалтамыздан шығаруға тура келді. Екі күннің ішінде 600-700 доллар жұмсағандар болды. Өйткені бұл өте қымбат қала", – деді ол.

Студенттер жұмсаған қаражатын өтеуді және турға төленген ақшаның қалған бөлігін қайтаруды талап етіп отыр.

Easy Travel компаниясының баспасөз қызметі қалыптасқан жағдайға байланысты жауапкершіліктің бір бөлігі өздерінде екенін мәлімдеді.

"Қалыптасқан жағдай үшін жауапкершіліктің бір бөлігі біздің тарапымызда екенін мойындаймыз. Себебі біз тиісті бақылауды қамтамасыз ете алмадық. Сонымен қатар кейбір қатысушылардың әрекеті де тасымалдаушы компанияның осындай шешім қабылдауына әсер етті", – делінген компания хабарламасында.

Туроператор қазір студенттермен байланыста екенін және жағдайды реттеу жолдарын қарастырып жатқанын айтты. Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, оқиғадан Қазақстанның Сан-Францискодағы Бас консулдығы хабардар. Дипломаттар қазақстандық студенттерді елге қайтару үшін қажетті шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

Ал бүгін жастардың бір бөлігі Қазақстанға аман-есен жеткен.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау