Тікелей эфир

Amanat партиясы өзінің Biz Birgemiz қорына қатысы жоғын мәлімдеді

Партия белсенділері Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 ҚБ қоры жинаған гуманитарлық көмекті жеткізуге ғана атсалысқан.

Amanat партиясы Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы саналмайды және оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлады Amanat партиясының баспасөз қызметі. 

"Бүгінде БАҚ пен әлеуметтік желілерде Amanat партиясы Biz Birgemiz қорының жұмысына қатысы бар деген ақпарат тарауда. Осыған байланысты, Amanat партиясы Biz Birgemiz қорының құрылтайшысы саналмайтынын (толық атауы: Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 ҚБ) және оның қызметіне ешқандай қатысы жоқ екенін түсіндіре кету қажет деп санаймыз", – делінген партияның хабарламасында.

Партияның мәлімдеуінше, биыл сәуір айында Amanat партиясының "Жастар Рухы" жастар қанаты су тасқыны кезеңінде апаттан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіп, ауқымды жұмыс жүргізген. Белсенділер мен волонтерлер көптеген қайырымдылық ұйымы, соның ішінде Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 ҚБ қоры жинаған гуманитарлық көмекті жеткізуге атсалысқан.

Еске салайық, Қаржылық мониторинг агенттігі еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.


Оқи отырыңыз: Астанада қайырымдылық қорының жетекшісі қамалды. Ол су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 млрд теңгені ұрлаған


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары