Жолайрықтың құрылысы төрт жылдан бері созылып келе жатыр.
Алматы облысы әкімінің тапсырмасы бойынша, "Алтын орда" базары маңындағы жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілуі керек. Алайда көлік жүргізушілері бұған мүлде сенбейді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ұзындығы 600 метр болатын көпірдің құрылысы аяқталуға жақындаған. Енді тек жол белгілерін орнатып, абаттандыру жұмыстары қалған. Қазір құрылысшылар соңғы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Дегенмен, құрылысы қарқынды жүріп жатқан көпірдің алдағы 10 күнде аяқталып, қолданысқа берілетініне көлік жүргізушілері мүлде сенбейді.
"Ашылғаны жақсы, әрине, кептеліс азаяр еді. Алайда 10 күн ішінде ашылады дегенге сену қиын", – дейді көлік жүргізушілерінің бірі.
Оқи отырыңыз: ҚазАвтоЖол: Алтын Орда жол айрығын биыл аяқтау үшін екі ауысыммен жұмыс істейміз
Бұл жолайрық 2017 жылдан бері салынып келеді. Индустрия министрлігінің ақпаратына сәйкес, жұмыспен әу баста айналысқан "Дәулет Дорстрой" компаниясы тым баяу қимылдаған. Сөйтіп, биыл сәуірде келісімшарт бұзылды. Жұмысты аяқтау үшін "Сине Мидас Строй" компаниясы тартылған. Жаңа мердігер қосымша 200-ден аса адам алған.
"Қазіргі уақытта монолит аралық құрылыс пен асфальт бетон жабыны жұмыстары аяқталып қалды. Жол қоршауын монтаждау, темірлерді орнату, жарықтандыру құрылғылары бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", – дейді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
323
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
295
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
277
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
267
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
271
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
261
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
259
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
251
-
0
-
3
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
245
-
0
-
3
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
250
-
0
-
0
-