Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – деп жазылған ақпаратта.
Алтай Көлгінов бұл қызметке 2022 жылғы 9 желтоқсанда тағайындалған еді. Оған дейін әр жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарған. Кейіннен Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының, Астана қаласының әкімі болды.
USD:
460.9 / 463.7
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.97 / 6.09