Тікелей эфир

AlmaU білім культі жайлы кітап жазды

Фото: AlmaU
Фото: AlmaU
Кітаптың кейіпкерлері – Алматы Менеджмент Университетінің бакалавриат, MBA және DBA бағдарламаларының 26 түлегі.

Меломанда Алматы Менеджмент Университетінің жаңа мотивациялық кітабының тұсаукесері өтті. Кітап "Секреты успеха Jūrttyñ balasy" деп аталады.

"Қазір бизнес пен сәтті табыс туралы мотивациялық кітап көп. Алайда білім алудың маңыздылығын насихаттаушылар шамалы. Біздің кітапта, ондағы әрбір оқиғада білімнің маңыздылығы жайлы жазылған. Білім культі -  жеке адамның өміріне де, жалпы қоғамға да әсер ететін негізгі құндылық. Кітаптың кейіпкерлері – Алматы Менеджмент Университетінің бакалавриат, MBA және DBA бағдарламаларының 26 түлегі. Кейіпкерлердің айтуынша, университет қабырғасында алған білім өте бағалы. Олар әлі күнге дейін білім алып, тұлға ретінде дамуын жалғастырып келеді. Алматы Менеджмент университеті үздіксіз білім алуды насихаттау мақсатында өз түлектерімен мотивациялық кітап жазып шыққан алғашқы жоғары оқу орны екенін атап өткім келеді. Аталмыш кітап жастарға маңызды шешім қабылдау кезінде өз көмегін тигізеді деп үміттенеміз. Кітап сатылымынан түскен қаражат AlmaU Эндаумент қорына жіберіледі", – деді жоба жетекшісі Жазира Байдалы. 

Еңлік Тілепова – Jumsaq брендінің негізін қалаушы, Forbes "30-дан 30-ға дейін" рейтингінің қатысушысы, AlmaU бакалавриатының түлегі. Ол AlmaU-да аймақтану мамандығы бойынша білім алған. Екінші курста университет қызметкерлері белсенділігі мен пысықтығын байқап, маркетинг бөлімінде жұмыс істеуге шақырған.

Фото: AlmaU

"Бұл менің маркетингпен алғаш танысуым еді. Біздің студенттік өміріміз өте белсенді өтті. Сол кездерге көз жүгіртсек, оқу бағдарламаларын насихаттаумен айналыстық, әлеуметтік желілерді жүргіздік, қабылдау комиссиясында істеп, талапкерлерді қабылдадық. Яғни толыққанды маркетингпен айналыстық. Менімен бірге жұмыс істеген қыз-жігіттердің жартысы қазір Forbes-тың «30-дан 30-ға дейін»  тізімінде. Жастардың көбі студенттік өмір жайлы айтқанда американдық фильмдегідей кештерді елестетеді. Бірақ AlmaU-дағы студенттік өміріміз мүлдем басқаша өтті. Біз идеяларымызды жүзеге асыру үшін университетте түнеген кездеріміз де болды. Университетте өтетін іс-шараларды ұйымдастыру үшін байқау, яғни тендер өтетін. Кез келген студенттік клуб байқауға қатысып, жеңіске жетуге мүмкіндік алатын. Меніңше, кәсіпкерліктің бастауы сонау университеттен басталды", – деді Еңлік Тілепова.

Кәсіби спортшы, Krida Fitness Club фитнес клубының директоры Валихан Тен – AlmaU Жоғары бизнес мектебінің MBA түлегі. 

Фото: AlmaU

"Балаларым үнемі "Әке, сіз неге барлық жерде бәрін үйреніп жүресіз?" деп сұрайды. Білім алу мен үшін жаттығу сияқты, сондай-ақ  біздің үлкен экожүйеге өзгерістер енгізіп отыру қажет. Ал білім алған кезде жаңа құралдармен таныса аламыз. Миды жаттықтыру маңызды, әсіресе қазір әртүрлі өзгерістер болып жатыр, яғни үрей де көбейді. Біздің зілтеміршілер өздерін мінсіз сезінеді, сырт әлпеттері де мінсіз. Бірақ қандай да бір қобалжу да бар. Оқудың арқасында осы уайымнан арылсақ, өзімізге бақыт сыйлаймыз. Маған оқу ұнайды деп айта алмаймын. Шынында да, үздіксіз білім алу қиын, бірақ ми осылай жаттығады. Күйзелісті бақылай білуіміз қажет. Мен қазір гитара үйреніп жүрмін, қазақ тілін де меңгеруге күш салып жатырмын", – деді ол.

Кәсіби спортшы, Krida Fitness Club фитнес клубының директоры Валихан Тен – AlmaU Жоғары бизнес мектебінің MBA түлегі. 

Adelі брендтің негізін қалаушы, AlmaU Жоғары бизнес мектебінің DBA түлегі Индира Әділ болса "арнайы білім алудың қажеті жоқ, еш дайындықсыз бизнеспен айналысуға болады" деген үгіт-насихат көп екенін, сондықтан тәжірибелі адамдардың сөзі маңызды екенін атап өтті.

"Иә, мұндай кейстер бар, бірақ олар аз. Тәрбие адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуының негізі, іргетасы деп ойлаймын. Үздік мамандардан сапалы білім алуға мүмкіндік барда небір қиындыққа толы жолдан өтудің қажеті қанша? Мен үшін оқу процесінің өзі қызықты. Күнделікті жұмыстан кейін сіз дәрісханаға барасыз, білім алу процесінің өзі көп сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді. Бакалавриат – маман ретінде өсу және тұлға болып қалыптасу, қарым-қатынас орнату, өмірлік достар табу. MBA және DBA өте жоғары сапалы ортаны, тәжірибе алмасуды, энергия алмасуды, нетворкинг құру және сапалы ортаның пайда болуын қамтамасыз етеді", – деді Индира Әділ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары