Алматының заңсыз салынған екі қабатты ғимарат бұзылады

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы Құрманғазы көшесі, 103 мекенжайында орналасқан нысанның бұзылып жатқанын хабарлады. 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесі (жеке тұлға) нысанды тиісті рұқсат құжатсыз салғаны анықталған. Кейін меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, заңбұзушылықты жою туралы нұсқама берілген.

"2024 жылғы 23 қыркүйекте басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына нысанды бұзу жөнінде талап-арыз түсірді. Сот талапты қанағаттандырды. 2025 жылы 20 сәуірде Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды", – деп хабарлады әкімдіктен.

Сот шешімін орындау мақсатында нысан иесі ғимаратты өзі бұза бастады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз