Әкімдік 44 нысан бойынша сотқа жүгінді.
Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы өткен жылы қаланың таулы аймақтарында заңсыз құрылыс салудың 54 фактісін анықтады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"44 нысан бойынша сотқа талап-арыз берілді, 31 талап-арыз бойынша оң шешім қабылданды. Қалған талап-арыздар қаралуда", – деп жазылған хабарламада.
31 талап арыздың 25-і заңды күшіне енсе, апелляциялық сатыда алты іс қаралуда. Жалпы 2023 жылы құрылыс нысандарын 1074 жоспардан тыс тексеру барысында 1140 заң бұзушылық анықталғаны атап өтілді.
Оқи отырыңыз: Соттың шешімімен Алматы тауларындағы заңсыз құрылыс бұзылады