Жоспарға сәйкес, бұл санаттағы 130 мыңға жуық тұрғын екпе алуы тиіс.
Алматы қаласында 65 жастан асқан азаматтардың 85%-ға жуығы екпе салдырды. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
"Біздегі жоспар бойынша, 65 жастан асқан 130 мыңға жуық тұлға екпе алуы тиіс. Қазірдің өзінде бұл топтағы азаматтар белсенді түрде екпе алып жатыр. 110 мыңнан астам қария вакцина салдырып үлгерді", – деді бас санитар дәрігер.
Әрі қарай Жандарбек Бекшин көпшілік қазақстандық салдырған Sputnik-V вакцинасының коронавирустың "Дельта" штамына қарсы әсерлілігі басқа нұсқаларға қарағанда 8,6% төмен екенін айтты. Яғни екпе толықтай әсер еткенше ауру жұқтыру деңгейі жоғарырақ.
"Әр екпенің өзіне тән тиімділігі бар. Өткенде Sputnik-V вакцинасының "Ухань" штамына қарсы тиімділігі 91,6%" деген мәлімдеме тарады. Алайда вакцинаны әзірлеуші академик Гинцбург қазір бұл екпенің "Дельта" штамына қарсы тиімділігі төмендеп, 83%-ды құрағанын айтты. Сол себепті екпе салдырғандар арасынан ауру шығу мүмкіндігі бар. Емханалардан жедел келіп түсетін ақпаратқа сәйкес, қазір 65 жастан асқан азаматтардың 297-сі екпе салдырған соң коронавирус жұқтырып отыр. Жалпы бұл жастағы азаматтарға аса мән беріп жатырмыз. Өткенде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан "60-тан асқан азаматтарға екпе салуды күшейту керек" деген нұсқаулық берілді", – деді Жандарбек Бекшин.
Еске салсақ, ұстаздар мен оқушылардың 20%-ында Covid-19 анықталса, мектептің карантинге жабылатыны туралы хабарланған еді. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин созылмалы ауруы бар балалардың үйден білім алуы үшін не істеуі керегін айтты.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚘 "Бірнеше жол апатына себеп болды". Қызылорда облысының тұрғындары қалаға аса қауіпті жолмен қатынап жүр
-
323
-
0
-
1
-
-
2🇰🇿 Қазақстанға оралған қандастар қай өңірге жиі қоныстанады?
-
294
-
0
-
0
-
-
3🌊 Жыл басынан бері 45 адам суға батып кеткен, оның 14-і – балалар
-
273
-
0
-
0
-
-
4👮♂️ Азаптау фактісі: Күштік органдардың 39 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылады
-
265
-
0
-
2
-
-
5Этникалық қазақтарға арналған "Ата жолы" картасы шілде айында іске қосылады
-
259
-
0
-
2
-
-
6👨👩👧👧🚫 Қазақстанда жұптар қандай себеппен жиі ажырасады?
-
298
-
0
-
0
-
-
7🏇 Ұлы дода: Көкпардан үш лигадан тұратын ел чемпионаты өтеді
-
282
-
0
-
0
-
-
8🏆 Astana Musical театры Кореяда өткен халықаралық фестивальде екі номинация жеңіп алды
-
321
-
0
-
0
-
-
9👦💵 Күтуші, курьер, промоутер. Жасөспірімдер жазда жұмыс істегені үшін қанша жалақы алады?
-
318
-
0
-
0
-
-
10📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
263
-
0
-
0
-