USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Алматының екі ауданында суық су өшіріледі

Тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су жеткізуге уақытша шектеулер енгізіледі.

Алматыда технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты Әуезов және Алмалы аудандарында су өшіріледі, деп хабарлайды "Алматы су".

8 қазанда сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданында Фурката көшесі – Райымбек даңғылы төңірегінде орналасқан, Үлкен Алматы – Төле би көшесі, Тастақ — 1 шағын ауданы, No 1-10 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарды сумен қамтуға шектеу енгізіледі;

10 қазан сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін – Алмалы ауданындағы Төле би – Тілендиев – Құлымбетова – Волховская, Төле би көшесіндегі No 278,280, 282, 284 тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға су жеткізуге уақытша шектеулер енгізілді.

"Жоспарланған жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аталған қала секторларында суық сумен жабдықтауға уақытша шектеулер енгізу қажет. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз