USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.69 / 5.81
Тікелей эфир
Алматы +27C
Все города

Алматының Бостандық ауданындағы екі көшенің учаскелері 1 тамызға дейін жабылады

Фото Informburo.kz
Фото Informburo.kz
Жалпы, ағымдағы жылы қалада 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланып отыр.

Алматының Бостандық ауданында 1983 жылғы құбыржолды ауыстырады, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

Алматыда Габдуллин, Жағалау маңы, Хамит Ерғалиев, Бұқар жырау желекжолы және Байтұрсынов көшелерінің контурымен төселген құбыржолды жаңғырту жүргізіліп жатыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы ұзақтығы 2,7 километр болатын жылу трассасы 220-ден астам қала объектілерін жылумен қамтамасыз етіп отыр. Жазғы кезеңде Бостандық ауданының тұрғындарына ыстық су беру уақытша құбыржол арқылы қамтамасыз етіледі.

"Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 20 мамырдан бастап 1 тамызына дейін: Римский-Корсаков көшесімен (Бұқар жырау желекжолынан бастап Габдуллин көшесіне дейін); Габдуллин көшесімен (Нахимов көшесінен бастап Марков көшесіне дейін) автокөліктер қозғалысы жабылады. Жалпы, ағымдағы жылы қалада 39 км жылу желілерін жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл тозу деңгейін 54,1% дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау