Қазақстанның көптеген бөлігінде ауыз су мәселесі толығымен шешілмеген. Өңірлердің басым бөлігінде бұл проблема табиғи-климаттық жағдаймен байланысты болса, екі миллион тұрғыны бар Алматы қаласында басты себеп – инфрақұрылым жағдайының нашар болуы. Осы орайда Алматы қаласы әкімдігінің мамандары "Күшті өңірлер – елді дамытудың драйвері" ұлттық бағдарламасы аясында 2024 жылы ауыз су мәселесінің қалай шешіліп жатқанын айтып берді.
"Алматының сумен жабдықтау жүйесі тау бөктеріндегі аудандар суды жер үстіндегі өзендерден алатындай етіп құрылған. Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы қандай да бір себеппен өзеннен су ала алмайтындай жағдай туындаса, халықты баламалы су көздерімен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды жүргізіп жатыр. Осы жобаны іске асыру аясында жер асты көздерінен суды сорғы жабдығы арқылы алатын "қорға" ұқсас жабдықтау схемасының құрылысы да жалғасуда", – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы Шымкент тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтылады
Сондай-ақ мамандар биыл жылдың соңына дейін жүзеге асатын бағдарламаларды атады:
- "Алматы қаласына қосылған аумақтардың инженерлік желілерін дамыту. Наурызбай ауданында (Қарғалы) су қабылдағыш құрылыс пен су тазарту станциясын салу" жобасы;
- "Алматы қаласына іргелес елді мекендердің инженерлік желілерін дамыту. Наурызбай өңірін қамтамасыз ету үшін Ақсай өзенінде су қабылдағыш құрылыс пен су тазарту станциясын салу" жобасы;
- "Барлық" су алатын бұтаның жобасын әзірлеу және салу;
- "Ерменсай" су алу және су тазарту станциясы" жобасы.
2024 жылға Алматы қаласын сумен қамтамасыз етуге және су тартуға 20 млрд теңге бөлінген.
"Медеу ауданының оңтүстік бөлігіндегі (Каменское, Көлсай, Юбилейное және Мұзтау шағын аудандары) тұрғындарын үздіксіз сумен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында Балқаш таза су қоймалары пайдалануға берілді. "Қаптаж", "Бастау" жерасты су алғыштарынан және Медеу сүзгі станциясынан келетін су осы су қоймаларында жиналып, залалсыздандырылады. Одан әрі ауыз су сорғылардың орнатылған топтары арқылы магистральдық желілер бойынша Каменское, Көлсай, Юбилейный және Мұзтау шағын аудандарына таратылады", – деді әкімдіктегілер.
Мұнымен қатар, Медеу өңірінің 50 мың тұрғынын сумен қамтамасыз ететін резервтік схеманың құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар ауыз сумен байланысты шағымдарын интерактив картада қалдыра алады
Қазіргі уақытта "1-учаске", №21 кластерлік су алғыш, №11, 12, 13, 14 учаскелер, "Трамплин" сорғы станциясы, "Қаптаж 1" сорғы станциясы желілері мен су шаруашылығы нысандарында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Атап айтқанда – ғимараттарды қайта жаңғырту, сорғы жабдықтарын ауыстыру, сумен жабдықтау желілерін қайта құру, қосымша төрт гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау. Осы жылдың шілде айында пайдалануға берілетіндей етіп электрмен жабдықтау желілерін қайта құру және т.б.