USD: 472.5 / 475.5
  • EUR: 543.0 / 548.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +35C
Все города

Алматылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына жолдама алды

Алматылық спортшы тоғызқұмалақтан әлем чемпионатына жолдама алды
Елдің 15 өңірінен келген 100-ге жуық үздік спортшы Қазақстан чемпионы атағымен қатар, қараша айында Түркияда өтетін әлем чемпионатына берілетін жолдама үшін бақ сынады.

Алматы қаласы Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылы 24–31 шілде аралығында Алматы облысының Талғар ауданында 19 және 21 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының XXIV чемпионаты өтті.

Жарыс халықаралық ережеге сай классика, рапид және блиц бойынша үш тәртіпте өткізілді. Мұндай формат классикалық партияда да, уақыт шектеулі жағдайда да жоғары нәтиже көрсете алатын әмбебап ойыншыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Чемпионат қорытындысы бойынша 19 жасқа дейінгі жас санатында алматылық Мейірлан Нұржанұлы Қазақстан чемпионы атанып, рапид бойынша әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Сондай-ақ 21 жасқа дейінгі жас санатында Елдар Дәкен де Қазақстан чемпионы атанып, Алматы құрамасының қоржынына тағы бір алтын медаль салды.

Жеңімпаздар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, республикалық біріншілікте Алматы қаласының намысын абыроймен қорғады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау