Тікелей эфир

Алматылық 30 студент ҚМДБ білім грантына ие болды

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Нұр-Мүбарак университеті студенттеріне білім грантын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы табыстады.

Бүгін Алматыдағы Нұр-Мүбарак университеті студенттерімен кездескен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осы оқу орнының 30 студентіне білім грантын табыстады.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы студенттерді әрқашан қолдап келеді. Біз өз тобынан оза шапқан оқу озаттарына, тағдырдың жазуымен жетім қалған студенттерге білім грантын табыстадық. Бұл білім грантына осында отырған өздеріңіз әбден лайықсыздар. Бұл жобаны алдағы уақытта да жалғастырамыз", – деді болашақ дін мамандарына білім грантын тапсырған Бас мүфти.

Игі іс "Зекет" қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың көмегімен жүзеге асты.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары