Алматы әкімдігі қалаға ЛРТ құрылысы жобасын әзірлеп жатыр. Жоба құны 2023 жылдың көктемінде белгілі болады.
Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада неліктен ЛРТ салынады деген тұрғынның сұрағына жауап берді.
46 жастағы алматылық Владимир әкімге "Ашық диалог" порталы арқылы сауал қойған. Ол Алматыда ЛРТ салу қате екенін жазып, өзінің дәйектерін келтірген. Ал Ерболат Досаев болса Алматы секілді ірі мегаполиске жүйткитін көлік керек деп есептейді.
"Әлемнің ірі қалаларында тұрғындар негізінен метро, жеңілрелсті көлік (ЛРТ), жылдам автобус немесе троллейбус желісі секілді жүрдек көліктермен қатынайды. Кәдімгі автобустар, велосипедтер, самокаттар жақын аялдамаға жету үшін және қысқа қашықтық үшін қолданылады. Ал жүрдек көлік – ірі қалалардағы магистральді көлік қаңқасының негізі", – деді қала әкімі Ерболат Досаев.
Ерболат Досаев қазір Алматыда жағдай керісінше екенін, қалада автобустар мен троллейбустар көп те, ал жүрдек қоғамдық көлік енді ғана қолға алынып жатқанын айта кетті.
"Алматыда жаңа, жоғары технологиялы, қауіпсіз және жайлы жерүсті көлік жүйесін іске қосу көп деңгейлі интеграцияланған қоғамдық көлік жүйесін құруда маңызды болып отыр. Метро сызбасы мен оған баратын автобус бағыттарының кестесі біріктірілгеннен кейін жолаушылар үшін қоғамдық көлікпен жету уақыты айтарлықтай қысқарады. ЛРТ-ға көп адам сыйып кетеді, ал автокөліктерді аз қолданатын болады", – деді Ерболат Досаев.
Алматы тұрғыны Владимир әкімге жолдаған сауалында ЛРТ қала көшелерімен жүрсе, одан сайын кептеліс болуы мүмкін деп алаңдайды.
"Жоспарланған ЛРТ желісі бұрын трамвай жолы болған Төле би көшесінің ортасынан өтеді, Төле би бойындағы қозғалыс жолақтарының саны өзгеріссіз қалады", – деп жауап берді Ерболат Досаев.
13 қазанда Әуезов ауданының тұрғындарымен кездесуінде Ерболат Досаев Алматы әкімдігі қалаға ЛРТ құрылысы жобасын әзірлеп жатқанын айтты. Жоба құны 2023 жылдың көктемінде белгілі болады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚌 Астанада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгерді
-
373
-
0
-
0
-
-
2🇹🇷 Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі басталды
-
378
-
0
-
0
-
-
3🎭 Қазақ ұлттық опера және балет театры Астанаға гастрольдік сапармен келді
-
407
-
0
-
2
-
-
4📈 Үкімет қаулысы: 1 шілдеден кейбір әлеуметтік төлемдер мөлшері өседі
-
317
-
0
-
0
-
-
5🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
-
295
-
0
-
0
-
-
6💵 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап студенттер қанша теңге стипендия алады? Жаңа нұсқа
-
264
-
0
-
0
-
-
7👨👩👧👦 Жетім баланы асырап алғандарға бір реттік төлем жасалады. Қандай құжаттар керек?
-
252
-
0
-
0
-
-
8🏙⛔️ "Аралда қалған сияқтымыз". Түркістан облысындағы атаусыз қалған ауылда су, жарық және жол мәселесі шешілмеген
-
234
-
0
-
0
-
-
9☪️ Тоқаев: Салт-дәстүрмен тығыз сабақтасқан дәстүрлі исламды қадірлеу өте маңызды
-
243
-
0
-
0
-
-
10👵🧓 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер өз жинағын түгел пайдалана алады
-
182
-
0
-
0
-