Алматыдағы жолайрық бір тәулікке жабылады

Жолайырыққа бұрылатын жолда көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Алматыда туннель мен жолайрыққа бұрылатын жолдар бір тәулікке жөндеуге жабылады.

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

30 шілде сағат 23.00-ден 31 шілде сағат 23.00-ге дейін Биянху көшесінен туннельдің соңына дейін оңтүстік бағытта Солтүстік айналма көшесінде, шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан жолайырыққа бұрылатын жолда және батыс бағытта Кудерин көшесіндегі жолайрыққа бұрылатын жолда көлік қозғалысы толығымен жабылады.

"Бұл аумақты Биянху және Соқпақбаев көшелерімен айналып өтуге болады. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады", – делінген хабарламада.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз