USD: 477.3 / 479.9
  • EUR: 544.5 / 549.5
  • RUB: 5.95 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +23C
Все города

Алматыдағы Строительная көшесінде қозғалыс кезең-кезеңімен шектеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Көшені толық жабу жоспарланбаған.

Алматыда құрылыс жұмыстарына байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.

Шектеулер "Алматы қаласында Батыс кәріз коллекторын салу" жобасы аясында жүргізілетін құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты енгізілмек. Жобаны мердігер ұйым – Павлодар өзен порты жүзеге асырып жатыр.

"Жұмыстар 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 маусым аралығында Алматы қаласындағы Строительная көшесінде, сондай-ақ Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Строительная көшесінің дублері қиылысында өтеді. Осы кезеңде аталған учаскелерде көлік қозғалысына кезең-кезеңімен шектеулер қойылады. Алайда көшені толық жабу жоспарланбаған. Бұл шешім көлік қозғалысын мүмкіндігінше сақтап қалуға бағытталған. Ауқымды инфрақұрылымдық жоба нәтижесінде ұзындығы 34,9 шақырым болатын Батыс кәріз коллекторы салынады. Жоба Наурызбай және Алатау аудандарындағы 175 мыңнан астам тұрғынды, сондай-ақ Алматы облысының Қарасай және Іле аудандарындағы шамамен 20 мың адамды орталықтандырылған су бұру жүйесімен қамтуға мүмкіндік береді", – делінген хабарламада.

Қала билігі тұрғындар мен қонақтарды уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауға шақырады. Қозғалысқа қатысты өзекті ақпаратты 2GIS және Яндекс Карталар қосымшаларынан, сондай-ақ @AlmatyJoly Telegram арнасынан білуге болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау