Тікелей эфир

Алматыдағы Қастеев музейінде түрік суретшілерінің көрмесі ашылды

Ерекше көрме ғылым мен шығармашылықтың өзара байланысына құрылған.

Алматы қаласындағы Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының бастамасымен және Efes Art Space қолдауымен түрік суретшілері Онур Мансиз, Халил Петук және Эмин Метенің туындылары қойылған "Цикл: Қазіргі заманды зерттеу" көрмесі ашылды. 

"Цикл: Қазіргі заманды зерттеу" көрмесі 

Суретшілер өз туындыларында ғылыми және көркемдік элементтерді біріктіруге ұмтылған. Олардың туындылары өнер арқылы әлемнің қазіргі жағдайын зерттей отырып, табиғат пен тарихтың қайталанбас көрінісін ұсынады. 

"Көрме қазіргі заманғы суретшілердің өнерді әлемді зерттеу және түсіну құралы ретінде пайдалана отырып, Леонардо Да Винчи сияқты өткен дәуірдің ұлы шеберлерінің дәстүрлерін қалай жалғастыратынын көрсетеді. Жоба соңғы екі жылда Қазақстандағы заманауи өнерді белсенді түрде қолдап келе жатқан Түркия Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы мен Efes Art Space қолдауының арқасында мүмкін болды", – деді Efes Art Space кураторы Оля Веселова.

Көрме өнер сүйер қауымды ғылым мен шығармашылықтың өзара байланысы туралы ойлануға шақырады. Шығармашылық ынтымақтастық Түркия мен Қазақстанды өнер және шығармашылық бастамалар арқылы біріктіретін мәдени дипломатияның жарқын үлгісі болып табылады. Көрмеге келушілер әлемді заманауи тақырыптарды зерттеп, өнердің жаңа түрлерін жасайтын түрік суретшілерінің көзімен көрудің бірегей мүмкіндігіне ие болады.

"Цикл: Қазіргі заманды зерттеу" көрмесі 

Efes Art Space көптеген жылдар бойы қазақстандық суретшілер үшін түрлі жанрдағы туындыларын ұсынатын алаң қызметін атқарды. Қазір жоба жаңа деңгейге көтеріліп, көкжиегі кеңейіп, халықаралық өнерпаздарды қатысуға тартуда. Осының арқасында көрермендер мәдени диалогты байытып, шығармашылық идеялар алмасуды ынталандыра отырып, тек жергілікті ғана емес, шетелдік авторлардың да өнер туындыларымен танысуға бірегей мүмкіндік алды.

Efes Қазақстан бойынша маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Еркан Алп

 

"Efes Art Space өнер сүйер қауымға қуаныш сыйлауды жалғастырады. Халықаралық шығармашылық байланысты байытып, шығармашылық идеялар алмасуға ықпал ететін отандық және шетелдік авторлардың туындыларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді. Біз өнермен ынтымақтастығымызды қуана және мақтанышпен жалғастырамыз. Жаңа буын суретшілеріне шабыт беріп, мәдени диалог алаңын жасаймыз. Біздің жоба қолдау көрсетуге ғана емес, сонымен қатар шығармашылық пен шабыттың жаңа көкжиектерін аша отырып, заманауи өнерді дамытуға ұмтылады", – деді Efes Қазақстан бойынша маркетинг жөніндегі директоры Зейнеп Еркан Алп. 

"Цикл: Қазіргі заманды зерттеу" көрмесін Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде 7 шілдеге дейін тамашалауға болады. 

"Цикл: Қазіргі заманды зерттеу" көрмесі 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары