USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +17C
Все города

Алматыдағы Қастеев музейі желтоқсан айына дейін уақытша жабылады

Фото: Facebook
Фото: Facebook
Бұл шара қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Алматыдағы Қастеев музейі желтоқсан айына дейін уақытша жабылады. Бұл туралы Ұлттық өнер музейінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі жөндеу жұмыстарына байланысты желтоқсан айына дейін уақытша жабық болады.

"Бұл шара сіздерге көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, музей кеңістігін барынша қолайлы ету мақсатында жүзеге асырылып жатыр. Әрдайым қолдау білдіріп, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау