Тікелей эфир

Алматыдағы Оқушылар сарайын жаңғырту жұмыстары қашан аяқталады?

Жұмыстың аяқталу мерзімі – осы жылдың желтоқсан айы.

Алматыда Оқушылар сарайын модернизациялаудың 2 кезеңі бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Медеу ауданының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

"Модернизациялау аясында жылыту, желдету және кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін ауыстыру, қуаты 1,4 мВт жаңа трансформаторлық қосалқы станция салу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар осы жылдың қазан айының соңына дейін аяқталады. Жаңа телескоп пен лифт орнатылатын обсерваторияда да жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстың аяқталу мерзімі – осы жылдың желтоқсан айы", – деді әкім.


Оқи отырыңыз: Астанада үш жылда 15 оқушылар сарайы салынады.


2022 жылы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Сыртқы жарықтандыру ауыстырылды, жаңа ағаштар мен бұталар отырғызылды, көгалдандыру жүргізілді, суару жүйесі тартылып, жабындар төселді. Сондай-ақ жаңа орындықтар мен урналар қойылып,субұрқақ салынды.

 

Серіктестер жаңалықтары