Алматыдағы концертке қатысушылар фестиваль аумағын таза ұстаудың үлгісін көрсетті

Алматыдағы концертке қатысушылар фестиваль аумағын таза ұстаудың үлгісін көрсетті
Фестиваль "Адал азамат", "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" қағидаларына толық сәйкес келді.

Алматыдағы Абай атындағы Республика сарайының алдында өткен қалалық отбасылық фестиваль 20 мыңнан астам көрерменнің басын қосты. Оның аясында концерттік бағдарламадан бөлек, балаларға арналған ойын-сауық шаралары мен отбасылық байқаулар да ұйымдастырылды. 

Концерт шымылдығын Бүркіт пен Аиша түрсе, көрермендер алдында "Дос-Мұқасан" ансамблі, Мурат Япрак, Ғалымжан Молданазар және басқалар өнер көрсетті. 

"Sultan" брендінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальдің өтуіне Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетті. Оның аясында қалалық ортаға қамқорлықпен қарауға ерекше көңіл бөлінді. Фестиваль ұйымдастырушылары қонақтарды қоғамдық ортаға ұқыпты қарап, концерттен соң Абай алаңын таза қалпына қалдыруға шақырды. 

Мұндай ұстаным "Адал азамат", "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" қағидаларына толық сәйкес келеді. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау