Тікелей эфир

Алматыдағы аяз: кейбір автобустар бағыттан шығып кетті

Түнгі уақытта автобус парктерінде қозғалтқыштарды жылыту үшін кезекшілік ұйымдастырылды.

Бір күн бұрын қатты аяз болған Алматыда қоғамдық көліктердің 91 пайызы жолға қойылғанымен, кейбір автобустар жұмысқа жарамсыз болып қалған. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

"Тасымалдаушылар көлікті қысқы мерзімге дайындады, бірақ ауа райына байланысты автобустарды желіге шығару кезінде олардың кейбірінде техникалық ақаулар анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Түнгі уақытта автобус парктерінде қозғалтқыштарды қайта-қайта жылыту үшін кезекшілік ұйымдастырылды. Бір күн бұрын қоғамдық көліктегі қиындықтарға кептеліс те әсер етті, дегенмен коммуналдық қызметкерлер қаладағы жолдарды белсенді түрде тазалауда.


Оқи отырыңыз: 13-14 желтоқсан күндері Алматыда 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды


"Синоптиктердің мәліметінше, бір тәулікте жауын-шашынның айлық мөлшерінің 28 пайызы түскен", – деп жазылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары