Тікелей эфир

Алматыдағы ArtKöshe тәуелсіз театры желтоқсанда бірден 5 қойылымның премьерасын өткізеді

Жоба аясында драматургия, режиссура курстарынан өткен 5 драматургтің пьесасын 5 режиссер сахналайды.

4-8 желтоқсан аралығында Алматы қаласында ArtKöshe тәуелсіз театры aLqa лабораториясының қорытындысы ретінде 5 спектакльдің премьера-фестивалін өткізеді.

aLqa жобасы еліміз театр өнеріндегі құндылық және көркемдік ізденістер мәселесін нысанға ала отырып, театр мен академиялық орта эксперттерін тоғыстырып, демократия құндылықтарын және театр эстетикасындағы жаңа конвенцияны негіз еткен сапалы туындылар жасалуына ықпал етуді, сондай-ақ, шығармашылық тәуелсіздікті дәріптеуді мақсат етеді.

Курсқа қатысушыларға белгілі зерттеуші-эксперттер Ғалым Жүсіпбек, Әсия Бағдәулетқызы, Шалқар Нұрсейіт, Оразай Қыдырбаев және Серік Бейсембаев адам құқықтары, деколониал, постколониал, кімдік (Identity) ұғымдары, өнер және саясат, гендер деколонизациясы, өнер және этика, қоғам және өнер қатарлы тақырыптар бойынша тренингтер жүргізді. 

Курс нәтижесінде қойылған 5 спектакльді арнайы қазылар бағалайды. Фестивальдің жабылу салтанатында үздік спектакль авторларына бас жүлде – Берлиндегі Theatertreffen 2025 фестиваліне жолдама табысталады.

aLqa фестивалі аясында өтетін премьералар реті төмендегідей:

  • 04 желтоқсан – “404”, драматург Димаш Зиядин, режиссер Лаура Мақан;
  • 05 желтоқсан – “Qabyrğa qalqasynda”, драматург Айнұр Төлеу, режиссер Заңғар Ахмет-Қазы;
  • 06 желтоқсан – “Ünsız”, драматург Айжарық Сұлтанқожа, режиссер Елдар Ташкенбай;
  • 07 желтоқсан – “Eskertkış”, драматург Мақсат Мәлік, режиссер Нұрлан Бақытжанұлы;
  • 08 желтоқсан – “SÖZ”, драматург Бэлла Қасымқызы, режиссер Саламат Өтешев.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары