Тікелей эфир

Алматыдағы 54 мешіттің имамдары мен ұстаздары аттестаттаудан өтіп жатыр

Дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид, ақида, фиқһ, Ислам тарихы бойынша сұрақтар қойылады.

Алматы қаласының Орталық мешітінде дін қызметкерлерін республикалық аттестаттау басталды, деп хабарлады ҚМДБ сайты.

Қаладағы 54 мешітте қызмет ететін имамдар мен ұстаздар қауымы сараптау комиссиясының сынынан өтіп, өз білімі мен біліктілігін тексереді. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне қырағат, тәжуид, ақида, фиқһ, Ислам тарихы салалары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылды.

Фото: ҚМДБ

"Дін қызметкерлерінің білімін сараптап, біліктілігін бағалау үшін ҚМДБ қызметкерлерінен құралған комиссия мүшелері қосымша тапсырмалар беріп, мешіт ережесі, концептуалды құжаттар мен басқа да әкімшілік сауалдар арқылы біліктілік деңгейін анықтайды", – деп жазылған ҚМДБ сайтында.


Оқи отырыңыз: 2023 жылдан бастап Қазақстанда 532 дін қызметкері жалақы алып жатыр


Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша дін қызметкерлерінің білімін сараптауға арналған республикалық аттестация үш күнге жалғасады. 

Серіктестер жаңалықтары