USD: 471.3 / 474.3
  • EUR: 543.5 / 548.5
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Алматыда жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Райымбек даңғылының бөлігі бір түнге жабылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Жол 18 шілде сағат 22:00 бастап 19 шілде сағат 08:00 дейін жабылады.

Алматыда 1990 жылы пайдалануға берілген құбыр желісін жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылында қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС.

18 шілде сағат 22:00 бастап 19 шілде сағат 08:00 дейін Райымбек даңғылының бойымен Сейфуллин даңғылынан бастап Бөкейханов көшесіне дейін екі бағытқа қарай автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі. 

Уақытша шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1990 жылы пайдалануға берілген магистральді құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіліп отыр.

"Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және "Яндекс карталар" сервистерінде жарияланған. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау