Алматыда жыл басынан бері 33 заңсыз құрылыс нысаны бұзылды

Фото: Алматы әкімдігі
Фото: Алматы әкімдігі
Басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет.

Алматыда сот шешімімен қала аумағындағы 33 заңсыз салынған нысан толық немесе жартылай бұзылды. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Сонымен қатар басқарманың талап-арызы бойынша тағы 64 нысанды бұзу қажет. Оларға қатысты сот шешімдері қазір қалалық Әділет департаментінде орындалу сатысында тұр.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері заң талаптары мен құрылыс нормаларын бұзғаны үшін сотқа 68 талап-арыз жолданды. Оның 35-інде нысандарды толық немесе жартылай бұзу көзделген.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз