Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Момышұлы көшесінен бастап Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

30 шілде күні сағат 21:00-ден бастап 31 шілде күні сағат 07:00-ге дейін Момышұлы көшесінен бастап Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс уақытша тоқтатылады.

"Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS және "Яндекс карты" сервистерінде жарияланады", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз